Келешек мектебінің шәкірттері республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетті
Мұнайлы ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген №19 жалпы білім беретін мектептің оқушылары техникалық шығармашылық бағытында толағай жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Жас өнертапқыштар кеме үлгілеу, көлік құрастыру, дрон және зымыран модельдеу салаларында өз қабілеттерін шыңдап, республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, өңірдің абыройын асқақтатуда, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Мектептің 9 в – сынып оқушылары инженерлік ойлау мен техникалық шығармашылықты ұштастыра отырып, түрлі бағыттар бойынша өз жобаларын әзірлеп келеді. Олардың қатарында кеме үлгілеу, көлік құрастыру және мәнерлеп жүргізу, дрон құрастыру мен ұшыру, сондай-ақ зымыран үлгілеу бағыттары бар.


