Skip to content

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Мұнайлы ауданында салынған №20 жалпы…

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Мұнайлы ауданында салынған №20 жалпы білім беретін мектеп – заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа буын білім ордасы.

Мектепте музыка, визуалды өнер, шеберхана, тігін шеберханасы, биология, химия және физика кабинеттері заманауи құралдармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар STEM және робототехника кабинеттерінде 3D-принтерлер, инженерлік конструкторлар, бағдарламалау платформалары, робототехникалық жинақтар мен цифрлық зертханалық құрылғылар орнатылған.

Білім ордасында оқу үдерісімен қатар шығармашылық және зияткерлік жобалар да табысты жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «ТалқыLike» подкаст студиясы, «Парақ+» оқырмандар клубы, «Жігермен әлемге саяхат» танымдық алаңы және бастауыш сынып оқушыларына арналған «Үш таған» жобасы жұмыс істейді.

Сонымен бірге мектепте түрлі спорттық секциялар мен ұлттық өнерді насихаттайтын «Жорға» би үйірмесі тұрақты түрде ұйымдастырылады. Үйірме мүшелері аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі байқаулар мен жарыстарда белсенділік танытып, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.