Ақтаудағы №33 «Келешек мектебі» 2025 жылы қолданысқа берілді. Жаңа форматтағы заманауи білім ордасы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған.
Мұнда робототехника, STEM зертханалары, заманауи пәндік кабинеттер мен спорт залдары жұмыс істейді. Білім ордасы оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына барлық мүмкіндік жасап отыр.
Мектеп оқушылар мен мұғалімдердің қажеттіліге сай құрал-жабдықтар мен кабинеттермен жабдықталған. Мектепте инклюзия кабинеті мен сенсорлық кабинет бар. Қазіргі таңда ерекше қажеттілігі бар 26 бала сабақтан соң кабинетте тынығады, нейрожаттығулар жасайды. Оған қоса STEM зертханасы, робототехника кабинеті, лингафондық кабинет, компьютерлік сыныптар бар. Оқушылар үшін кең спорт залдары, 2000-ға жуық көркем әдебиет, балалар әдебиетімен жабдықталған кітапхана бар. Мектепте әрбір оқушының жеке жиһазы да орналасқан. 250 орындықпен қамтылған асхана бар. Мұнда 850 бала тамақтанады. Сондай-ақ оқушыларға арналған би үйірмесі де бар.
Мектеп екі ауысыммен жұмыс істейді. 2076 бала білім алса, 150 мұғалім қызмет етеді.
Видео @otpannews.kz ақпараттық порталынан
