Бүгін мектебімізде “Дәстүр думаны – Наурыз тойы” тақырыбындағытмерекелік шарамыз ерекше жоғары деңгейде өтті. Ұстаздар қауымы ұлттық нақыштағы әсем қазақы киім киіп, мерекенің ажарын аша түсті.
Шара мазмұны да ерекше мәнге ие болды:
🔸 ұлттық киімдер шеруі арқылы халқымыздың сән-салтанаты дәріптелсе
🔸 ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен таныстырылып, ата-баба мұрасы ұлықталды. Сонымен қатар:
🔸 ұлттық ойындар ұйымдастырылып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
🔸 Мрекелік концерт барысында әсем ән мен күмбірлеген күй көрерменге ерекше әсер қалдырды.
Береке мен бірліктің символына айналған бұл мереке – ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, Наурыздың шынайы рухын сезіндірген тағылымды әрі әсерлі кеш болды.
#келешекмектеп #наурыз #33мектеп @aktau.bilim_bolimi @mangystau_obl_bilim_baskarmasy
