Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды
Биыл өңірде 318 түлек «Алтын белгіге», 668 түлек үздік аттестатқа, ал 9-сыныптан 834 оқушы үздік аттестатқа үміткер болып отыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ақбөпе Искалиева мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, биыл облыстағы білім беру жүйесінде 737 ұйым жұмыс істеп, 267 464 бала қамтылған. Жалпы орта білім беретін 216 мектепте 193 мыңнан астам оқушы білім алды. Оның ішінде 16 179 оқушы 9-сыныпты, ал 10 065 түлек 11-сыныпты аяқтап отыр.
-11-сыныптар үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау 2-15 маусым аралығында, ал 9-сынып оқушылары үшін 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтуде. Мектеп бітіруші түлектерге аттестаттар 9-сынып оқушыларына 16 маусымда, 11-сынып түлектеріне 18 маусым күні табысталады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 10 065 мектеп бітірушінің 9 500-ден астамы өтініш берген. Бүгінгі күнге дейін алғашқы мүмкіндігін пайдаланған талапкерлер саны 3 891-ге жетті, – деді Ақбөпе Искалиева.
Сондай-ақ, оқу жылы барысында өңірдің оқушылары мен мұғалімдері республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен білім сайыстарына белсенді қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Мект

