Жедел жәрдем жүргізушісінен фельдшерге дейін: Бейбіт Есенов қалай медицина маманы атанды?
Бейбіт Есеновтің жедел жәрдем саласында жүргеніне биыл – 16 жыл. Бір қызығы ол бұл салаға алғаш рет көлік жүргізуші болып келген еді. Алайда, уақыт өте келе ақ халаттылардың жұмысына қызығушылығы оянып, арнайы оқуын оқиды. Міне, 8 жылдан бері ол – адамдардың өмірін сақтап жүрген білікті фельдшер.
Әрбір сирена дыбысының артында біреудің тағдыры мен үміті тұрады. Фельдшер болып қызмет еткен 8 жылдың ішінде талай адамға көмек көрсетіп, түрлі жағдайды көрген маман бүгінде сол сәттерді күліп еске алады.
Маңғыстау облысы бойынша колл-центр орталығына күніне 600-ден астам қоңырау келіп түседі. Мұндағы мамандардың жұмысы үлкен шыдамдылық пен жылдамдықты қажет етеді.
Көлік жүргізушісінен фельдшер қызметіне алмасқан Бейбіттің жолы тек тек мамандық ауыстыру емес, бұл – жүректің қалауы. Ол сияқты өз жұмысына адал, әрбір пациентке өз жақынындай қарайтын жандар барда – жедел жәрдем қызметінің сапасы тек биіктен көрінбек. әрқашан үміт биігінен көрінбек.
