«Көктем аруы – 2026» байқауы 8-сынып оқушылары арасында жоғары деңгейде өткізілді. Байқау барысында арулар өздерінің жан-жақтылығын, өнерін және ұлттық құндылықтарға деген құрметін көрсете білді.
Қатысушылар таныстыру кезеңінде өздерін ерекше таныстырып, өнер кезеңінде шығармашылық қабілеттерін паш етті. Сонымен қатар, ұлттық киім дефилесінде қазақтың әсем дәстүрлі киімдерін сахнада әдемі үлгіде көрсетті. Ал ұлттық тағам кезеңінде халқымыздың дәмді әрі мән-мағынасы терең ас мәзірлерін таныстырып, көрермендерді тәнті етті.
Байқау барысында арулардың сұлулығы ғана емес, тәрбиесі, өнері мен ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуі ерекше көрініс тапты.
#көктемаруы2026
#келешекмектептері
#ұлттыққұндылық
