Skip to content

Бүгін 8 “Ә” сынып жетекшісі Төлесінова Нұргүл Нұрбекқызының ұйымдастыруымен сыныбында…

Бүгін 8 “Ә” сынып жетекшісі Төлесінова Нұргүл Нұрбекқызының ұйымдастыруымен сыныбында ата-аналарға арналған ерекше, жылы жүздесу кеші өтті. Шараның басты мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, түсіністік пен мейірімді одан әрі нығайту болды.
Кеш барысында оқушылар жүректен шыққан жылы сөздері мен аналарынан келген хатты оқып ерекше сәтке бөленді. Аналарының шексіз махаббаттарын одан сайын сезе білді. Әрбір сәт шынайылыққа, қуаныш пен ризашылыққа толы болды.
Уақыт бөліп келіп, қолдау көрсеткен барлық ата-аналарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Осындай кездесулер бала мен ата-ана арасындағы байланысты одан әрі жақындатып, тәрбиелік мәні зор шаралардың бірі болары сөзсіз.
Алдағы мерекелер баршамызға құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық, береке және шаттық тілейміз.