Skip to content

Биыл Маңғыстауда 3 мыңнан астам жас «Жасыл ел» жастар жасағында…

Биыл Маңғыстауда 3 мыңнан астам жас «Жасыл ел» жастар жасағында жұмыс істейді

«Жасыл ел» еңбек жасағына 3 мыңнан астам жас қатысып жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.

«Жасыл ел» еңбек жасағы аясында жастар қоршаған ортаны абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарымен ақылы негізде айналысады.

Биыл бағдарлама аясында Ақтау қаласында – 515, Жаңаөзен қаласында – 750, Бейнеу ауданында – 500, Мұнайлы ауданында – 500, Қарақия ауданында – 400, Түпқараған ауданында – 397, Маңғыстау ауданында – 300 жас екі лекке бөлініп, «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс істейді.