Skip to content

⚜️«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті…

⚜️«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлері бірлесіп судағы қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында азаматтарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

📌Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеуге шақырды.