Skip to content

Бүгін 6 сәуір күні мектебімізде 4 және 9-сынып оқушыларымен ББЖМ–2026…

Бүгін 6 сәуір күні мектебімізде 4 және 9-сынып оқушыларымен ББЖМ–2026 дайындық жұмыстары аясында жиналыс өткізілді.

Жиналысты мектеп директоры Б.Н. Майрамов жүргізіп, оқушыларға ББЖМ-ның өткізілу тәртібі, ережелері мен талаптары кеңінен түсіндірілді. Іс-шараға сынып жетекшілері мен оқу ісінің орынбасарлары да қатысты.

Дайындық барысында оқушыларға бағыт-бағдар беріліп, алдағы бағалауға жауапкершілікпен қарау қажеттілігі айтылды.

Барша оқушыларға сәттілік тілейміз! ✨