«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу: ата-ананың рөлі»
Ақтау қаласының прокуратурасы «Заңды құрметтейтін ұрпақ» жобасы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында жасанды интеллекттің көмегімен әлеуметтік бейнеролик дайындады.
Бейнероликтің мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту және отбасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын көрсету.
Ата-ананың назарынан тыс қалған жасөспірімнің ішкі күйі мен оның салдары бейнеленген.
Қала прокуратурасы ата-аналарды балаларымен ашық сөйлесуге және олардың өміріне бейжай қарамауғашақырады. #прокуратура #заң_мен_тәртіп #закон_и_порядок #актау #ақтау
