Skip to content

Мектебімізде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы…

Мектебімізде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде 11-сынып оқушыларына арналған «Ата заң – мемлекет тірегі» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясының басты ерекшеліктерімен таныстыру және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Шара барысында оқушылар Ата заңның қоғамдағы маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен мәлімет алып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Сынып сағаттары мазмұнды әрі тағылымды өтіп, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етті.

#келешекмектептері #атазаң #11сынып #сыныпсағаты @aktau_oku_adistemelik_ortaligi