Skip to content

Мектебімізде 18 наурыз күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік…

Мектебімізде 18 наурыз күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік және ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, мектеп аумағын таза ұстау және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Аталған іс-шараға мектебіміздің 11 “Ә,Б” сынып оқушылары белсене қатысып ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізді. Оқушылар табиғатты аялаудың маңызын түсініп, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін арттырды.

Бұл игі бастама Наурыз мерекесі қарсаңында өткізіліп, жаңару мен тазалықтың жарқын үлгісіне айналды.

#тазақазақстан #ағашотырғызу #болашаққақадам