Skip to content

«Сәнді бұрым – қыз көркі» атты 9–11 сынып қыздарына арналған…

«Сәнді бұрым – қыз көркі» атты 9–11 сынып қыздарына арналған әсем де тағылымды шара өткізілді.

Шара барысында әрбір қатысушы өз қолымен өрген бұрымын көпшілікке таныстырып, ұлттық нақыштағы шаш үлгілерінің сұлулығы мен мәнін ерекше жеткізе білді. Қыздардың нәзіктігі мен шеберлігі, әсемдікке деген талғамы көрермендерді тәнті етті.

Ұлттық дәстүрді дәріптеген бұл кеште қатысушылардың өнері жоғары бағаланып, барша арулар алғыс хаттармен марапатталды.

Сәні мен мәні үйлескен бұрым – қазақ қызының көркі екені тағы бір мәрте дәлелденген әсерлі кеш болды ✨

#бұрымдықыз #адалазаматбіртұтастәрбиебағдарламасы #келешекмектептері #наурыз @aktau.bilim_bolimi