🌷 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара
Ерлер қауымы мен қызмет көрсету персоналының ұйымдастыруымен өткен мерекелік кеш ұстаздардың көңілін бір серпілтіп, ерекше әсер сыйлады.
Сахнада ойын да болды, жүрекке жеткен ән де шырқалды, мәнерлеп оқу мен әсерлі көріністер көрермен ықыласын баурап алды. Әсем билер кештің сәнін кіргізіп, мерекелік атмосфераны одан әрі жандандыра түсті.
Шара соңында гүл шоқтары табысталып, жылы лебіздер айтылды. Кештің жоғары деңгейде өтуіне мектеп директорының өзі Б.Н. Майрамов арнайы атсалысып, қолдау білдірді.
Бұл кеш – ұстаздарға деген құрметтің шынайы көрінісі болып, барша жанның көңілін көтеріп, жүрегіне жылу сыйлады. 🌷
@aktau.bilim_bolimi #келешекмектептері⚜️ #мерекелікшара #8наурыз #әйелдеркүні #ұстаздар
