Skip to content

Наурыз мерекесіне орай 3-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен мазмұнды әрі әсерлі мерекелік…

Наурыз мерекесіне орай 3-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен мазмұнды әрі әсерлі мерекелік шара өтті. Шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән шырқап, би билеп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Кеш барысында түрлі сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылып, оқушылардың тапқырлығы мен білімдері сыналды. Сонымен қатар оқушылардың қатысуымен қызықты әрі тәрбиелік мәні бар көріністер қойылып, мерекенің көркін аша түсті.

Бұл мерекелік шара Наурыз мейрамының рухын сездіріп, ұлттық дәстүрлерді дәріптеген, оқушылардың өнері мен белсенділігін көрсеткен әсерлі әрі есте қаларлық кеш болды. 🌿✨

@aktau.bilim_bolimi #келешекмектептері #наурыз