Мектебімізде «Жұмысшы мамандықтар – ел тірегі» тақырыбында 9-сынып оқушылары арасында шығармашылық шара өткізілді. Мақсаты – оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңызын түсіндіру, еңбекке деген құрмет сезімін қалыптастыру және болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар беру. Оқушылар мамандықтардың ерекшеліктерін, артықшылықтарын айтып, слайдтар арқылы таныстырылым жасап, өз шығармашылықтарын көрсетті. Шара соңында қазылар алқасы әділ бағасын беріп, жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталды.
