Мектебімізде ұстаздардың және оқушылардың қатысуымен «Көрісу – көңілдің көктемі» атты мерекелік кеш ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Наурыз айының ерекше лебі сезілген кеште ұлттық дәстүрлер дәріптелді.
Шара барысында әсем әндер шырқалып, күмбірлеген домбыра үні кештің ажарын аша түсті. Сонымен қатар ұлттық тағамдар ұсынылып, қызықты ұлттық ойындар ойнатылды. Ұстаздар қауымы бір сәт күнделікті жұмыстан сергіп, көтеріңкі көңіл-күйде мерекелік кештің көркін қыздырды.
Бұл кеш барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған тағылымды әрі көңілді басқосу болды.
#мерекеліккеш #наурызайы #көрісу @aktau.bilim_bolimi #келешекмектептері
