☕📚 Мектебімізде бүгін «Жүрек пен жыр» атты әдеби-кафе кеші ерекше атмосферада өтті.
Кеш барысында ұстаздар поэзия оқып, сырлы әуен тыңдап, еркін форматта әсерлі әңгіме өрбітті. Әдебиет пен руханият үндескен бұл кездесу қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен шабыт сыйлады.
Жылы орта, көркем сөз және жанға тыныштық сыйлаған бұл кеш әріптестер үшін оқу жылының соңында ұмытылмас рухани демалыс болды.
@aktau.bilim_bolimi #әдебикафе #руханикеш
