Кұрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
“№33 жалпы білім беретін мектеп” КММ-не 2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау 2026 жылғы 29 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар:
* ата-ананың (заңды өкілдің) өтініші;
* 052-2/у нысанындағы денсаулық паспорты;
* 065/у нысанындағы медициналық анықтама;
* 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосурет (мүмкіндігінше мектеп формасымен классикалық үлгіде);
* қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы.
Қосымша ақпаратты білім беру ұйымдарының ресми сайттарынан және www.egov.kz порталынан алуға болады.


