Skip to content

Құрметті, Бексултан Нурмуханович! Сізді *Ақтау қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен* марапатталуыңызбен…

Құрметті, Бексултан Нурмуханович!

Сізді *Ақтау қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен* марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жоғары марапат – Сіздің білім беру саласындағы қажырлы еңбегіңіздің, кәсіби шеберлігіңіздің және ұжымға көрсеткен үлгілі басшылығыңыздың айқын дәлелі. Сіздің біліктілігіңіз бен жауапкершілігіңіз арқасында мектеп ұжымы талай жетістіктерге жетіп, шәкірттеріміз сапалы білім мен тәрбие алуда.

Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс және алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз! Еңбегіңіз еленіп, мәртебеңіз әрдайым биіктей берсін!