Skip to content

📢 Құрметті ата-аналар, оқушылар және ұстаздар! “№33 жалпы білім беретін…

📢 Құрметті ата-аналар, оқушылар және ұстаздар!

“№33 жалпы білім беретін мектеп” КММ-сі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төмендегі талаптарды қатаң сақтауды ескертеді:

🔹 Мұғалімдерге сыйлық беру, ақша жинау және кез келген қаржылық әрекеттерге тыйым салынады.
🔹 Оқу жылының соңғы күндерінде сабақтан себепсіз қалуға жол берілмейді.
🔹 Барлық іс-шаралар қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.
🔹 Бітіру кештерін мейрамханаларда, кафелерде және ойын-сауық орындарында өткізуге тыйым салынады.
🔹 Оқушылардың ата-анасыз немесе жауапты тұлғасыз табиғат аясына (теңіз, қала сырты, демалыс орындары) шығуына рұқсат етілмейді.

❗ Оқушылардың өмірі мен денсаулығы – басты құндылық.
Баршаңызды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!

@aktau.bilim_bolimi