Экологиялық тәрбие мен табиғатты қорғауға бағытталған маңызды іс-шара өтті 🌿
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Суды үнемде – болашақты сақта» атты республикалық экологиялық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараға 10-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты.
Кездесу барысында су ресурстарын тиімді пайдалану, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы маңызды ақпараттар айтылды. Жастарға суды үнемдеудің маңыздылығы түсіндіріліп, болашаққа жауапкершілікпен қарау қажеттігі ерекше атап өтілді.
