Бүгін 11-сыныптың медицина бағытын таңдаған оқушылары қаламызда орналасқан 103 жедел жәрдем орталығына экскурсияға барды. Орталық қызметкерлері бізді жылы қарсы алып, ғимаратпен және арнайы кабинеттермен таныстырды.
Сонымен қатар жедел жәрдем қызметінің жұмысы туралы пайдалы ақпарат берілді. Оқушылар алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керектігін тәжірибе жүзінде үйренді. Экскурсия өте қызықты әрі танымдық болды.
