Skip to content

Бүгін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1…

Бүгін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1 «Е» сыныбында «Біз әртүрліміз, бір теңбіз» тақырыбында сынып сағаты жоғары деңгейде өтті.

Сынып сағатының басты мақсаты – оқушыларға еліміздегі ұлттар достығы, татулық пен бірлік туралы түсінік беру, әр адамның ерекшелігін құрметтеуге баулу болды. Іс-шара барысында оқушылар түрлі ұлттардың мәдениетімен танысып, тақпақтар айтып, ән шырқап, қызықты ойындар ойнады.