Амал мерекесіне орай мектебімізде 10–11 сынып оқушылары арасында “Сырғалым – сырласым” атты сайыс өтеді. Сайысқа әр сыныптан 1 қыз бала өз жеңгесімен бірге қатысады.
Сайыс шарттары:
🔹 «Сәлемменен басталар сөз атасы» – таныстыру
🔹 «Зерделінің ойы озық» – сұрақтарға жауап беру
🔹 «Өнерлінің өрісі кең» – өз өнерлерін көрсету
🔹 «Жеңгесі бар қандайды» – салт-дәстүрге байланысты көрініс қою
🔹 «Бармағынан бал тамған» – ұлттық тағам дайындау
📍 Өтетін орны: Мектептің АКТ залы
📅 Күні: 18.03.2026
🕛 Уақыты: 12:00
#амалмерекесі #наурыз #келешекмектептері

