📌 «Әлем елдеріне саяхат» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинардың мақсаты – білім алушыларға жаһандық құзыреттілік туралы түсінік қалыптастыру және тиімді, мәдениетті қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту әдістерін ұсыну.
Іс-шара барысында қатысушылар әртүрлі елдердің мәдени ерекшеліктерімен танысып, заманауи коммуникация тәсілдерін талқылап, тәжірибе алмасты.
🎤 Спикер: Ақзамова Мадина
Семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар үшін мазмұнды әрі пайдалы өтті.
@aktau.bilim_bolimi #келешекмектептері
