Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен, білім басқармасының хатына сәйкес, бүгін мектебімізде оқушылардың жат ағым жетегінде кетуінің алдын алу, адамгершілік қасиеттер мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеу мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айының 1–20 күндері аралығында «Әке өкініші» және «Шын дос» атты қойылымдар өткізілді.
Аталған қойылымдарды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін мектептің жиын залдары қажетті құрал-жабдықтармен, соның ішінде LED экранмен жабдықталып, оқушылардың белсенді қатысуы қамтамасыз етілді.
Іс-шара барысында оқушылар тәрбиелік мәні зор қойылымдарды тамашалап, терең ой түйіп, рухани құндылықтардың маңызын түсінді.
@aktau.bilim_bolimi
