Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Б. Асыловтың төрағалығымен қылмыстық-атқару жүйесінде (ҚАЖ) заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша алқа отырысы өткізілді.
Отырысқа Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, денсаулық сақтау, ұлттық экономика, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің басшылары қатысты.
2025 жылғы 23 маусымда құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды, оның ішінде ҚАЖ-ды реформалау, инфрақұрылымды жаңарту, сотталғандарды қайта тәрбиелеу мен олардың қоғамға бейімделу мәселелері талқыланды.
ҚАЖ-да заңдылықты қамтамасыз ету, пенитенциарлық мекемелерді жаңғырту, медициналық қамтамасыз ету, сотталғандарды еңбекпен қамту және оларды қайта әлеуметтендіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Пенитенциарлық жүйеде азаптау фактілерінің тіркелуі айтарлықтай төмендегені атап өтілді (2023 жылы 26 фактіден 2025 жылы 3 фактіге дейін).
Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру тәжірибесі жақсарды.
Сотталғандарды еңбекпен қамту көрсеткіші артты (50%-дан 70%-ға дейін).
Пробация есебінде тұрғандар арасында қайталама қылмыс деңгейі 20%-ға төмендеді.





