Мектебімізде 16.10.2025 ж ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған “Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі –сенім мен шекараға құрметі” атты оқу сабағы мен тренинг өтті. Мектебіміздің 15 ата-анасы қатысты.
Мақсаты: жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғау үшін жағдай жасау: қорғану ережелерін және отбасылық сенім және жеке кеңістікті қабылдау шарттарын қалыптастыру.
Бұл оқу сабағынан күтілетін нәтижелер:
– зорлық зомбылықтың алдын алу шаралары ретінде балаға жеке шекараларды қорғауды үйретудің маңыздылығын түсінетін болады;
– жеке шекаралардың түрлері (дене, эмоционалдық, ақпараттық) және олардың баланың қауіпсіздігі мен өзін-өзі құрметтеудегі маңызы туралы біледі;
– баланың жеке шекараларын сақтаудың және олардың бұзылуында дұрыс әрекет етудің қарапайым және қолжетімді тәсілдерін меңгереді;
– тәрбие беруде және мінез-құлқында қалыптасқан гендерлік стереотип- терді түсінеді;
баланы қолдау дағдыларыноныңгендерлік сәйкестігіне, қызығушылықтары мен қалауына қарамастан дамыта алады.
