Мектебімізде 4 “Б” сыныбымен Ұлттық мәдениетті қолдау барысында көрме өтті.
Ұлттық мәдениет — әр халықтың тарихын, дәстүрін, тілін, өнерін және өмір салтын айқындайтын рухани байлығы. Ол ұлттың бірегейлігін сақтап, келер ұрпаққа мұра болып қалатын асыл қазына.
Қазақ халқының ұлттық мәдениеті — сан ғасырлық тарихтың жемісі. Оның құрамына салт-дәстүр, әдет-ғұрып, халық ауыз әдебиеті, қолөнер, музыка, би, киім үлгілері мен ұлттық тағамдар кіреді.
Мысалы, наурыз мейрамы, беташар, тұсаукесер, қонақжайлық дәстүрі — халқымыздың рухани байлығын, өмірге деген көзқарасын көрсетеді.
Қазақтың күй өнері мен термелері, айтыс пен жыраулар шығармашылығы — ұлт рухының көрінісі. Ал киіз үй, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек — қазақ мәдениетінің көркемдік өрнегі.




