13.10.2025 күні мектебімізде «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын арттыру, шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, сондай-ақ мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру.
Мектепішілік кезеңге 12 мұғалім қатысты. Нәтижесінде қалалық кезеңге 3 мұғалім жолдама алды. Алдағы кезеңде сіздерге сәттілік тілейміз! 🍀
