“Менің күйім – денсаулығымның кепілі” 🌿
🧠 Оқушыларға арналған ашық есік күні өтті!
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың эмоционалды және психологиялық саулығын нығайту, өз көңіл-күйін тану мен реттеу дағдыларын дамыту, сондай-ақ психологиялық көмек алу жолдары туралы ақпарат беру.
💬 Ашық есік күні барысында оқушылар психологиялық тесттер мен жаттығуларға қатысып, позитивті ойлау мен ішкі тепе-теңдіктің маңыздылығын түсінді.
🩵 Әрбір оқушы өз көңіл күйін білдіріп, жағымды эмоциямен бөлісуге мүмкіндік алды.
Бұл шара оқушылардың өз денсаулығына, соның ішінде психологиялық саулығына жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.
#маңғыстау10қазанпсихикалықденсаулықкүні @mpqo_2025
