«Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты бейнеролик💚
Шәкірттердің ұстазға деген ыстық ықыласы мен алғысының айқын көрінісі. Балалардың хор болып шырқаған әні жүректен шығып, әр тыңдарманға терең әсер қалдырады деген сенімдеміз. Мөлдір әуен арқылы олар ұстаз еңбегінің ұлылығын, ұстаздың болашаққа бағыт беретін шамшырақ екенін тағы бір мәрте дәлелдегіміз келеді.
Бұл видео – тек өнер емес, жүрек үнінің бейнесі. Шәкірттердің шынайы алғысы мен құрметі ұстазға деген сенім мен махаббаттың мәңгілік символы. 🌟
