«Жасыл ел»: Ақтауда екі маусым бойынша 500-ге жуық жас тазалық жұмыстарын жүргізуде
Ақтауда «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының жұмысы қарқынды жалғасуда. Биыл екі маусым аясында 500-ге жуық жас қаланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартылған, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Жоба жастарды еңбекке баулуға, қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған. Қазіргі таңда Ақтау қаласының әртүрлі шағынаудандарында сегіз топ жұмыс жүргізуде.
«Жасыл Ел» еңбек жасағының 7-топ жетекшісі Серікхан Сәрсенбековтің айтуынша, жастар қала тазалығы мен абанттандырылуына өз үлесін қосып жатыр.
-Маусым айынан бастап шілде айына дейін екі ай бойы маусымымыз жүреді. Мақсатымыз – жастарды еңбекке баулу, еліміз бен қаламыздың тазалығын сақтап, абаттандыру жұмыстарына атсалысу. Қаламызға өз пайдамызды тигізу. Екі маусымға 500-дей бала алынды. Әр айда 8 топ жұмыс жасап жатыр. Олар қаланың әр ықшам ауданында тазалық жұмыстарын жүргізуде. Қазір бірінші маусым аясында Ботаникалық саябақтағы жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен қатар Мәңгілік алау аумағында және 7-шағынауданда жұмыс жүргізілді. Басқа топтар 4-шағынаудандағы Тарас Шевченко саябағында, 19, 19А,
