Skip to content

Мектебімізде жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Әр жас маман…

Мектебімізде жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Әр жас маман бір жұлдыз, жарқырауға көмектес» тақырыбында семинар–тренинг өтті.

Семинар-тренинг барысында қатысушылар сергіту сәтін өткізіп, бір-бірімен жақынырақ танысты. Жас мамандар өздерін таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, семинар соңында сабақ жоспарының (ҚМЖ) тиімді құрылымы мен оны дұрыс құру жолдары талқыланды.

Мұндай шаралар жас ұстаздардың шығармашылық ізденісін арттырып, педагогикалық шеберлігін дамытуға зор ықпал етеді. Жас мамандарға әрқашан қолдау көрсетіп, олардың өз жұлдызын жарқыратуына бірге атсалысайық!

#келешекмектептері #ақтаубілімбөлімі #семинар-тренинг

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *