Skip to content

Бүгін мектебімізде «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және…

Бүгін мектебімізде «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде ата-ананың, мұғалімнің және мектептің бірлескен жауапкершілігін айқындау, сондай-ақ оқушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелерін талқылау болды.

Іс-шара барысында ата-аналарға бала тәрбиесіндегі отбасылық құндылықтардың орны, ұстаздардың қолдау көрсету рөлі, сондай-ақ мектептің қауіпсіздігі мен тәртіпке қатысты маңызды тақырыптар кеңінен түсіндірілді. Жиынға қатысушылар пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті және ортақ міндеттерді жүзеге асыру жолдарын қарастырды.

Жиналыс нәтижесінде ата-ана, ұстаз және мектеп арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту – адал да саналы азамат қалыптастырудың басты кепілі екендігі тағы да айқындалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *