Skip to content

Бүгін мектебімізде сынып жетекшілерімен жоспарлы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында оқу…

Бүгін мектебімізде сынып жетекшілерімен жоспарлы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында оқу жылының бірінші тоқсанына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, алдағы уақыттағы міндеттер айқындалды.✅

Сынып жетекшілері оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен үлгеріміне тоқталып, әр сыныптағы тәртіп пен тәрбие мәселелерін ортаға салды. Сонымен қатар ата-аналармен тығыз байланыс орнатудың маңыздылығы айтылып, алдағы ата-аналар жиналысының мазмұны мен бағыттары талқыланды.

Мақсатымыз: жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында бірлесе жұмыс істеу. 🫱🏼‍🫲🏾

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *