Бүгін мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатты талқылады.
2025–2026 жаңа оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатта келесі бағыттар қамтылған:
✅оқу бағдарламаларының мазмұнын сапалы іске асыру;
✅оқу жетістіктерін бағалау және академиялық адалдықты ұстану;
✅мектепке дейінгі және бастауыш білім арасындағы сабақтастық;
✅«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәрбие жұмысын жүзеге асыру;
✅ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау;
✅педагогтер мен мектеп басшыларының үздіксіз дамуы;
✅педагогтердің ғылыми мақала жазуына, зерттеу жұмыстарын жүргізуіне әдістемелік қолдау көрсету.
Талқылау барысында әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа оқу жылында қолдануға болатын тиімді әдістер мен идеяларды ортаға салды.
Бірлесе жұмыс жасау – білім сапасын арттырудың басты кепілі. 🤝
