Skip to content

Бүгін мектебіміздің акт залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне…

Бүгін мектебіміздің акт залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған алғашқы мерекелік концерт өтті.

Концертке бастауыш сынып оқушылары қатысып, мерекелік бағдарламаны толықтай орыс тілінде ұсынды. Оқушылар хор орындап, әсем әндер шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кештің көрермендері – ата-аналар мен ұстаздар болды.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – орыс тілі пәнінің мұғалімі Клара Мировна.

Көктем мерекесі барша жанға жылулық пен қуаныш әкелсін! 🌷✨