Магистрлер апталығы аясында 9–10 сынып оқушылары арасында «Science&Fun» квест ойыны ұйымдастырылды 🧪🔬
Бұл квест – жай ғана ойын емес, ғылым мен қызығушылықтың тоғысқан алаңы болды! Оқушылар логикалық тапсырмалар орындап, химия, биология, география және физика бағыттары бойынша білімдерін сынап, жылдамдық пен тапқырлықтарын көрсетті.
🔹 Командалық жұмыс
🔹 Шығармашылық ойлау
🔹 Жылдам шешім қабылдау
🔹 Ғылымға деген қызығушылық
Әр кезеңде оқушылар белсенділік танытып, нағыз ізденімпаз әрі алғыр екендерін дәлелдеді 💡
Осындай іс-шаралар арқылы біз оқушылардың ғылыми ойлауын дамытып, білімге деген құштарлығын арттырамыз.
👏 Қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
#МагистрлерАпталығы #ScienceAndFun #БілімІзденісЖетістік #Ғылым #Квест
