Skip to content

6 “В” сыныбы Сынып жетекшісі: Кашкенова Жансая Мақсотқызы Қасиетті айда…

6 “В” сыныбы
Сынып жетекшісі: Кашкенова Жансая Мақсотқызы

Қасиетті айда «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Қамқор» жобасы аясында 6 “В” сыныбы игі іске белсене қатысып, қайырымдылық пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Оқушылар бірлік пен жауапкершілікті басты құндылық етіп, мейірім мен қамқорлықтың маңызын нақты әрекеттері арқылы дәлелдей білді.

Жасалған әрбір ізгі іс – олардың шынайы ықыласы мен тәрбиесінің көрінісі. Осындай бастамаға ұйытқы болып, бағыт-бағдар берген сынып жетекшісі Кашкенова Жансая Мақсотқызына және қолдау білдірген ата-аналар қауымына шынайы алғысымызды білдіреміз.

#адалазаматбіртұтастәрбие #келешекмектептері