Бүгін мектебімізде 1–11 сыныптар арасында
«Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл» тақырыбында жаппай сынып сағаттары өткізілді. (✅)
Сынып сағаты барысында оқушыларға батырдың ерлігі, рухы мен отансүйгіштік қасиеті туралы мазмұнды ақпарат беріліп, оның өмір жолынан тағылымды деректер айтылды.
Сонымен қатар 10 минуттық қауіпсіздік сабағы өткізіліп, оқушыларға күнделікті өмірде өз қауіпсіздігін сақтау, жауапкершілік пен тәртіп ережелері түсіндірілді.
#сыныпсағаты #бауыржанмомышұлы115жыл @aktau.bilim_bolimi





