❗️Зиянды әдеттерден аулақ бол!
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен №33 жалпы білім беретін мектебімізде түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Кездесуге МО Полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Кобесинова Пердегүл Темировна қатысып, «Зиянды әдеттерден аулақ бол» тақырыбында маңызды ақпараттармен бөлісті.
Оқушыларға зиянды әдеттердің салдары, одан сақтану жолдары және қауіпсіз, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді.
#келешекмектептері #салауаттыөмірсалты @aktau.bilim_bolimi
