9 «Ә» сынып оқушысы Бектұрлы Санжар Асылбекұлы — Әлем чемпионы! 🏅
Қараша айының 6–16 күндері аралығында Тайландтың Бангкок қаласында Джиу-Джитсудан Әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде 56 елден келген 2000-нан астам спортшы өзара мықтыларды анықтады.
Осы дүбірлі додада жасөспірімдер арасындағы Маңғыстау құрама командасы тамаша нәтиже көрсетіп, ел абыройын асқақтатты.
Бектұрлы Санжар Асылбекұлы — Әлем чемпионы! 9 «Ә» сынып оқушысын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жалынды жігер, мықты дайындық пен ерік-жігерінің арқасында қол жеткізген бұл жетістік – мектебіміз үшін үлкен мақтаныш! 💚

