ҰБТ – болашаққа бағыт: мақсатымыз – жоғары нәтиже!
Бүгін мектеп директоры Майрамов Бексултан Нурмуханович пән мұғалімдерімен, 11 «А» және 11 «В» сынып оқушыларымен ҰБТ-ге дайындық барысын талқылау мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) мен EDU Test сайттарында алынған сынақ нәтижелеріне талдау жасалып, оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары қарастырылды.
Бұл жиын — түлектердің табысқа бастар жолындағы маңызды қадам!
Барша бітірушілерге сәттілік, биік нәтижелер және жарқын болашақ тілейміз!
#келешекмектептері @aktau.bilim_bolimi
