Бүгін мектебімізде №2 педагогикалық кеңес «Жайлы білім беру ортасын қалыптастыру» тақырыбында өтті.
Қаралған күн тәртібіндегі мәселелер:
– 1-тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы мен оқушылар қозғалысына талдау
– Бастауыш сынып білім алушыларының бейімделу кезеңіндегі психологиялық ахуал
– Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жүргізіліп жатқан түзету және сөйлеу дағдыларын дамыту жұмыстары
– Оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру
– Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы
– Аттестацияға өтініш берген педагогтар тізімін бекіту
Педагогикалық кеңес барысында жалпы білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, әр оқушының тұлғалық дамуына қолайлы, қауіпсіз әрі қолдаушы білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. 🫱🏼🫲🏾
#келешекмектептері @aktau.bilim_bolimi #адалазаматбіртұтастәрбие
