📚 «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі
Бүгін 29 қазан 2025 жылы, мектебімізде 2–7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі өтті.
Бұл байқаудың басты мақсаты – бастауыш және орта буындағы оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын шыңдау және ғылымға қызығушылығын арттыру болып табылады.
Іс-шара барысында жас зерттеушілер өздерінің жобаларын қорғап, таңдаған тақырыптары бойынша тың идеяларымен бөлісті. Әрбір жұмыс оқушының ізденісін, жауапкершілігін және ғылыми көзқарасын танытты.
#келешекмектептері @aktau.bilim_bolimi
