Skip to content

2025 жылдың 28 қазан күні мектебімізде 9–11-сынып оқушыларының арасында «Заң…

2025 жылдың 28 қазан күні мектебімізде 9–11-сынып оқушыларының арасында «Заң және заман» тақырыбында мектепішілік дебат өтті. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың заңға деген құрметін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін арттыру және қоғамдағы өз орнын айқындай білуге баулу болды.

Дебат барысында қатысушылар заман талабына сай заңның рөлі, құқықтық мәдениет, жастар мен заңның өзара байланысы тақырыптарында өз ой-пікірлерін дәлелмен жеткізе білді. Пікірсайыс барысында оқушылар шешендік өнерін, логикалық ойлау қабілетін және қарсы пікірге мәдениетті түрде жауап беру дағдыларын көрсетті.Дебат оқушылардың құқықтық сауатын жетілдіріп қана қоймай, олардың өз ойын ашық айтуға, заманауи көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.
#келешекмектеп

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *